Президент сайлауы: Жигули Дайрабаев ОСК-ға құжат тапсырды

Ол «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылып отыр.
ОСК хабарлағандай, Жигули Дайрабаев мына құжаттарды ұсынды:
1. «Ауыл» партиясы жоғары органы отырысының президент сайлауына кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
2. Өмірбаян деректері қоса ұсынылған президент сайлауына кандидат ретінде қатысуға келісімі туралы өтініш;
3. ОСК шотына сайлау жарнасының төленгенін растайтын құжат;
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білім туралы дипломның көшірмелері.
Айта кетері, «Ауыл» партиясының өкілі Жигули Дайрабаев бірінші болып өз кандидатурасын ұсынды. Үміткерлерді ұсыну процесі 11 қазанға дейін жалғасады.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Бұған дейін Жигули Дайрабаев өзінің ерекше есімін кім және неліктен олай қойғаны туралы айтып берді.