Президент сайлауы: Мейрам Қажыкен ОСК-ға құжат тапсырды

Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі хабарлады.

4 қазанда ОСК-ға Қажыкен Мейрам Зекешұлын «Аманат «Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық кәсіподақтар одағының Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат етіп ұсынуы туралы құжаттар ұсынылды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылғы 28 қыркүйекте «Аманат «Қазақстан кәсіподақтар достастығы» орталық атқару комитеті отырысы өтті. Сол кезде Мейрам Қажыкен осы ұйымнан кандидат ретінде ұсынылған болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да