Ішкі істер министрі елімізде қанша көлік тіркелгенін айтты

2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін шетелдік тіркеуі бар автокөліктерді (шамамен 300 мың) қосқанда, автокөлік саны 3,9 миллионнан 5 миллионға дейін өсті. Бұл жағдайда автопарк қартайған. Еліміздегі автокөліктердің 50%-тен астамының пайдалану мерзімі 20 жылдан асады, — деді ІІМ басшысы.

Сонымен қатар Ахметжанов көліктердің тозуы туралы айтты.

Осыған орай, көліктердің техникалық жағдайын тиісті бақылау қамтамасыз етілмей отыр. Техникалық байқау орталықтарын ашу талаптары қысқарғаннан кейін одан өтуге жалған талондар беру тәжірибесі кең етек алды, — деді министр.