Басты бетЖаңалықтарҚазақстан қор...

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі төмендеді

Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2 миллиард АҚШ долларын құрады. Валюта нарығы бұрынғысынша сыртқы факторлардың қысымында қалып, геосаяси аренадағы қақтығыстар күшейді, энергия тасымалдаушылар бағасы төмендеп, АҚШ доллары жаһандық деңгейде нығайды. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы шамамен 583,5 миллион АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында сатуды өз бетінше жүзеге асырады, — делінген банктің хабарламасында.

Сонымен қатар ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату қыркүйекте 85,1 миллион АҚШ долларына шықты. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 4,3%-ін құрады.

Ұлттық банк қыркүйекте валюталық интервенциялар жүргізген жоқ, сонымен қатар БЖЗҚ зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырмады.