Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары — Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
«Өткен аптада Мәскеуде ресейлік әріптестеріммен кездестім. Қазақстан көмірін Ресей арқылы транзитпен Еуропаға жіберуге келістік. Еуропаға 500 мың тонна көмір жөнелтілмек», — деді Жұманғарин.
Ол еліміздің көмірі Еуропаға сатылып жатқанын атап өтті.
«Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін көмір жеткілікті, сондықтан экспортты көбейту керек. Еуропаға көмірді ERG компаниясы жеткізетін болады», — деді министр.