Әсет Шындалиев ағайынды Нығматулиндердің үстінен іс қозғалмағанын айтты.
«Білуімше, оларға айып тағылған жоқ. Менде ондай ақпарат жоқ», — деді Әсет Шындалиев
ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев халыққа үндеу жолдап, ел арасында көрінеу жалған ақпарат тарату фактілері жиілеп кеткенін айтқан еді. Оның айтуынша, ұлтаралық араздықты қоздыруға, бопсалауға, көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған бұл әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 194 және 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.