«Қазақфильм» басшысы қызметінен кетті

Дәурен Абаев бұл туралы Facebook-парақшасында жазды.

«Құрметті достар, осы жазбамда талантты және табысты режиссер Ақан Сатаевқа «Қазақфильм» АҚ президенті ретіндегі қажырлы, бастысы және жемісті қызметі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді», — деп жазды ол.

Дәурен Абаевтың айтуынша, Ақан Сатаев бұл қызметтен өз еркімен кеткен.

«Бүгін Ақан Қарғамбайұлы аты аңызға айналған киностудия басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Оның шығармашылық жолында да кино өнерінің дамуына септігін тигізетін серпінді жобалар әкелетініне сенімдімін», — деп жазды мәдениет және спорт министрі.