Қазақстандықтар Албанияға визасыз бара алады

ҚР Сыртқы істер министрлігі сайтының хабарлауынша, Албаниямен келіссөздер қорытындысы бойынша өзара виза талаптарынан босату туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен бірге  Доминикан Республикасымен ұлттық төлқұжаттардың, дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін виза талаптарынан босату туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылғаны хабарланды. Бұған қоса Парагваймен дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін виза талаптарынан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.