Ведомствода атап өткендей, көрсетілген шектен асып кетсе, құнның 30% мөлшерінде баж салығын төлеу керек. Бірақ 1 келі асып кетсе 4 еуродан кем емес.
«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тасымалдаушы жеткізген немесе халықаралық пошта жөнелтілімімен жөнелтілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты 2022 жылғы 1 қазаннан бастап тауарлардың құнының критерийлері 1000 евродан 200 еуроға дейін төмендетілді. Сонымен қатар салмақ шегі қолданыстағы шектерде қалады — 31 келіге дейін», — деді мемлекеттік кірістер департаменті
