Президент сайлауы науқаны 60 күнге созылады

Президент сайлауының жоспарын орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, сайлау науқаны дауыс беру күнін қосқанда 60 күнге созылады.

23 қыркүйек пен 21 қазан Астана уақыты бойынша 18.00-ге дейін кандидаттың Конституция мен Конституциялық заң талаптарына сәйкестігі анықталады. Ал қол жинау және тексеру 29 күнге созылады.

«21 қазанда сағат 18.00-ден бастап 28 күнге созылатын сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары дауыс беру алдындағы күні 00.00-ге дейін жүргізіледі. 19 қараша — үнсіздік күні. Дауыс беру 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін өтеді. Сайлау учаскелерінде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағаттан кешіктірілмей есептеледі. Әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктер бойынша дауыстарды санау нәтижелерiн аумақтық сайлау комиссиялары белгiлейдi және екi күн ішінде, яғни 22 қарашаға дейiн Ортсайлаукомға жеткiзедi. Нәтижелерді анықтау және сайланған президентті тіркеу қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес ОСК-ға 7 күннен аспай тіркеледі. Сайлау қорытындылары туралы хабарлама 10 күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Яғни, 30 қарашаға дейін барлық сайлау процедурасы мен ресми жарияланымдар жүргізіледі», — деді Петров.