Елдегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

«2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі дерек бойынша Қазақстандағы зейнеткерлер саны — 2 миллион 253 мың адам. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 109 224 теңге», — деген ведомство хабарламада.

8 айда қазақстандықтарға 1,9 триллион теңге зейнетақы төленген. Қыркүйек айында республикалық бюджеттен зейнетақы үшін 244,1 миллиард теңге бөлініп, оның 74,2 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 169,9 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленген.