19 қыркүйекте ІІ Елизаветамен қоштасу рәсімі аяқталады

Euronews телеарнасының мәліметінше, Лондонға АҚШ президенті Джо Байден мен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо келген. Жерлеу рәсіміне орай Лондонға 500-ге жуық мемлекет басшылары мен шетелдік қонақтар келеді деп күтіліп отыр.

Жерлеу рәсімі кинотеатрларда тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, жерлеу рәсіміне Сирия, Ауғанстан, Мьянма, Беларусь және Венесуэла, Ресей елдерінің өкілдері қатыспайды.