Тоқаевты ШЫҰ саммиті өтетін жерде Мирзиёев қарсы алды

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевты «Конгресс орталығында» Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Айта кетейік, кеше кешке президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына келді.

мемлекет басшылары, президенттер, ШЫҰ
Фото: Борт N1 Telegram-каналы

Мемлекет басшысы Өзбекстанға сапары барысында Самарқандтағы «Мәңгілік қала» кешеніне барып, көрмелер мен шығыс базарын тамашалады.