Алматы әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейді

Бүгінен бастап Алматы халықаралық әуежайында тексеріс күшейтілді. Яғни, әуежайға кіре берістегі терминалда қосымша тексеру желісі қойылды.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкімі бойынша 12 қыркүйектен бастап, жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізуге байланысты Алматы халықаралық әуежайында авиациялық қауіпсіздікті күшейту шаралары енгізілді. Халықаралық тіркеу залының алдына қосымша тексеру желісі қойылды, — делінген ресми хабарламада.

Жолаушыларға рейстеріне кешігіп қалмас үшін әуежайға ертерек келу ұсынылды.

Айта кетейік, бұл қауіпсіздік шарасы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.