Уақытыңызды үнемдейтін тиімді клавиштар

Терезелермен, қосымша беттермен (вкладка) жұмыс

Браузермен жұмыс істеу кезінде біз уақытымыздың көп бөлігін жаңа терезелермен, қосымша беттерді ашумен өкіземіз. Бірінен-біріне өтіп, ашып-жауып отырамыз. Мұның барлығын тінтуір көмегімен орындау оңай. Бірақ одан да жеңіл тәсілдерді үйреніп алуыңызға болады.

Windows қолданушылары үшін:

  • Ctrl + N — жаңа терезе.
  • Ctrl + T — жаңа қосымша бет.
  • Ctrl + Shift + N — инкогнито режиміндегі жаңа терезе.
  • Ctrl + шерту — сілтемені жаңа қосымша бетте ашу.
  • Ctrl + Shift + шерту — сілтемені қайта қоса отырып, жаңа қосымша бетте ашу.
  • Shift + шерту — сілтемені жаңа терезеде ашу .
  • Ctrl + Shift + T — жабылған қосымша бетті қайта қосу (10 вкладкаға дейін).
  • Ctrl + W — ашылып тұрған терезені немесе қосымша бетті жабу.
  • Ctrl + Tab — қосымша беттердің бірінен кейін біріне өту.

Mac қолданушылары үшін:

  • ⌘ + N — жаңа терезе
  • ⌘ + T — жаңа қосымша бет.
  • ⌘ + Shift + N — инкогнито режиміндегі жаңа терезе.
  • ⌘ + клик — сілтемені жаңа қосымша бетте ашу.
  • ⌘ + Shift + шерту—сілтемені қайта қоса отырып, жаңа қосымша бетте ашу.
  • Shift + шерту — сілтемені жаңа терезеде ашу.
  • ⌘ + Shift + T — жабылған қосымша бетті қайта қосу (10 вкладкаға дейін).
  • Option + ⌘ + ⇨ и Option + ⌘ + ⇦ — қосымша беттердің бірінен кейін біріне өту.
  • ⌘ + W — ашылып тұрған терезені немесе қосымша бетті жабу.
  • ⌘ + Shift + W — белсенді терезені жабу.
  • ⌘ + M — терезені бұру.

Беттегі контентпен жұмыс істеу

Компьютер

Бетте навигациямен, контентпен әртүрлі тәсілдер арқылы жұмыс істеуге болады. Бірақ өзіңіз тексеріп көріңіз: ең жылдам тәсілі — шорткаттар.

Windows қолданушылары үшін:

  • Ctrl + S — бетті сақтау.
  • Ctrl + P — бетті басып шығару (печать).
  • F5 немесе Ctrl + R — бетті жаңарту.
  • Ctrl + F5  немесе Shift + F5 — еріксіз жаңарту (кештарды есептемегенде).
  • Esc — беттегі жүктелуді болдыртпау.
  • Ctrl + F — іздеу жүйесі.
  • Ctrl + U — беттің бастапқы коды.
  • Ctrl + D — ашылып тұрған бетке белгі (закладка).
  • Ctrl + Shift + D — барлық ашық тұрған беттерге белгі (закладка).
  • F11 — толықэкран режиміне өту.
  • Ctrl + плюс және Ctrl + минус — беттің масштабын өзгерту.
  • Ctrl + 0 — беттің стандарт масштабы.
  • Аралық (пробел) — беттегі лентаны төмен түсіру.
  • Home — беттің жоғарғы бөлігіне бару.
  • End — беттің төменгі бөлігіне бару.
  • Shift + тінтуірдің дөңгелекшесі — бетті оңға, солға айналдыру.

Mac қолданушылары үшін

  • ⌘ + S — бетті сақтау.
  • ⌘ + P — бетті басып шығару (печать).
  • ⌘ + R — бетті жаңарту.
  • ⌘ + F — іздеу жүйесі.
  • ⌘ + Option + U — беттің бастапқы коды.
  • ⌘ + D — ашылып тұрған бетке белгі (закладка).
  • ⌘ + Shift + D — барлық ашық тұрған беттерге белгі (закладка).
  • ⌘ + Shift + F — толықэкран режиміне өту.
  • ⌘ + плюс и ⌘ + минус — беттің масштабын өзгерту.
  • ⌘ + 0 — беттің стандарт масштабы.
  • Аралық (пробел) — беттегі лентаны төмен түсіру.
  • Fn + ⇦ — беттің жоғарғы бөлігіне бару.
  • Fn + ⇨ — беттің төменгі бөлігіне бару.

Адрес жолағымен жұмыс

Компьютер

Адрес жолағымен көп жұмыс істемесек те, алтын секундтарды да үнемдеуге болатындығын біле жүргендігіңіз абзал. Бұның барлығын әрине тінтуірмен де орындауға болады. Алайда тиімді клавиштердің де пайдасын тәжірибеде қолданып көруді ұсынамыз.

Windows қолданушылары үшін:

  • Ctrl + L — курсорды адрес жолағына апару.
  • Ctrl + L — URL немесе тексті адрес жолағында белгілеу.
  • Alt + Enter —  URL-ді жаңа қосымша бетте ашу.

Mac қолданушылары үшін

  • ⌘ + L — курсорды адрес жолағына апару.
  • ⌘ + L — URL немесе тексті адрес жолағында белгілеу.
  • ⌘ + Enter — URL-ді жаңа қосымша бетте ашу.

Баптаулар мен функциялар

КомпьютерChrome-ның ең көп қолданылатын функциялары мен баптауларға қатысты шоркаттарды пайдаланып көріңіз.

Windows қолданушылары үшін:

  • Alt + F немесе F10 — баптаулар.
  • Ctrl + Shift + B — бетбелгілердің (закладка) панелін көрсету және жасыру.
  • Ctrl + H — тарих (история).
  • Ctrl + J — жүктеулер (загрузки).
  • Shift + Esc — тапсырмалар диспетчері.
  • Ctrl + Shift + J — бағдарлама құрастырушының құралдары.
  • Ctrl + Shift + Delete — тарихты өшіру.

Mac қолданушылары үшін

  • ⌘ + Shift + B — бетбелгілердің (закладка) панелін көрсету және жасыру.
  • ⌘ + Option + B — бетбелгілер диспетчері.
  • ⌘ + , — баптаулар.
  • ⌘ + Y — тарих.
  • ⌘ + Shift + J — жүктеулер.
  • ⌘ + Shift + Delete — тарихты өшіру.
  • ⌘ + Option + I — бағдарлама құрастырушының құралдары.