1. Google Authenticator

Кез келген аккаунтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір кілт сөз жеткіліксіз. Сондықтан да әлеуметтік желілер мен өзге де сервистер код жіберу, телефон нөмірін енгізу, СМС-хабарлама сынды қосымша тәсілдерді пайдаланады.

Google Authenticator — сол сияқты бағдарламалардың бірі. Онда аккаунттарыңызға қосымша қауіпсіздік кодын орнатуға болады. Ол үшін әр желідегі акканутты осы дағдарламаға «байлап» қою керек.

Жүктеу

2. Google Alerts

Өзіңіз қызығып оқитын тақырыптағы бірде-бір ақпаратты жібермей оқып отырғыңыз келе ме? Онда Google Alerts сервисі сізге арналған. Сіз сервисте өзіңіз қалаған сөзді немесе фразаны, дереккөзін, тілін, уақытын, мақала санын, поштаға түсу уақытына дейін белгілейсіз. Ары қарай Google Alerts-тің жұмысы. Ол сіз көрсеткен уақытта, сіз таңдаған тақырыпқа қатысты барлық ақпаратты жіберіп тұрады.

Google Alerts

Бұл бағдарлама — өзі туралы таратылып жатқан барлық ақпаратты бақылауда ұстағысы келетін танымал жандарға да таптырмас құрал.

Google Alerts-ке өту

3. Google Fonts

Google Fonts — тегін қаріптердің жиынтығы. Онда барлық әріптер топтастырылған. Бұл дизайнерлер мен бет қаттаушыларға таптырмас сервис. Себебі, қажетті әріпті тез тауып аласыз және тегін жүктейсіз.

Google Fonts

Google Fonts-қа өту

4. Google суреттер

Бұл редактор арқылы аз уақыттың ішінде блок-сызбалар сызып, диаграмма жасауға немесе жүктелген суретке түрлі белгілер қоюға болады. «Google суреттер» «Google құжаттарымен» байланыста, сондықтан онда жасалған сызбаларды «Google Дискте» сақтай аласыз.

Google суреттер

Google суреттерге өту

5. Google академиясы

«Google академиясы» — ғылыми мақалаларды мәтіндері арқылы табуға болатын іздеу жүйесі. Ол баспа үйлерінің, университеттер мен академиялық қоғамдастықтардың сайтын сканерлеп, сіз жазған кілт сөзге қатысты сілтемелер мен барлық ақпаратарды шығарып береді.

Google академиясы

Google академиясына өту

6. Google сайттары

Жеке сайт бизнес жасағысы келетіндер үшін — үлкен мүмкіндік. Егер сайт жасау өз қолыңыздан келмесе және бағдарламалаушы жалдауға ақшаңызды қимасаңыз, сізге «Google сайттары» көмекке келеді. Онда веб-парақшаларды ешбір қиындықсыз жасап, жариялай аласыз.

Google сайттары

Google сайттарына өту

7. Google формалар

«Google формалар» — сауалнама жүргізуге арналған сервис. Ол үшін сауалыңызды жазып, жауап нұсқаларын көрсетіп, дайын сілтемені адамдарға жібересіз. Бұл клиенттердің пікіріне сараптама жасайтын бизнес-тапсырмаларға да, қарапайым «Қонаққа кім келеді?» деген күнделікті сауалдарға да нақты жауап алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сауалнаманы өз талғамыңызға қарай әрлеуге де болады.

Google формалар

Google формаларға өту

8. «Google суреттер бойынша іздеу»

Сізге қажетті суреттің бетінде артық белгілер мен логотиптер болып, оны алып тастауға фотошоптың күші жетпесе, Google-дің сурет бойынша іздеу функциясын пайдаланыңыз. Ол сізге қолыңыздағы суреттің басқа көшірмелерін табуға көмектеседі. Ол үшін  «Google суреттер бойынша іздеуді» ашып, фотоаппараттың суретін басып, суретті жүктеңіз. Іздеу нәтижелері шыққанда «Барлық өлшемдер» немесе «Ұқсас суреттер» батырмаларын таңдау арқылы өзіңізге керегін алыңыз.

Google суреттері

Google суреттеріне өту

9. Think with Google

Think with Google ақпараттық ресурсы арқылы сандық маркетинг саласындағы зерттеулермен, идеялармен, трендтермен танысуға болады. Онда Google компаниясының қызметкерлерінің мақалалары мен басқа да компаниялардың сарапшылары берген сұхбаттар бар. Егер бұл тақырып сізді қызықтырса, поштаңызбен жазылуға болады.

Think with Google

Think with Google-ға өту 

10. Google Primer

Тәжірибелі маркетологтарға арналған сервис. Бұл жерде SEO, контент-маркетинг, сараптама, интернет-жарнама тақырыптарында ағылшын тіліндегі материалдар мен кішігірім курстар бар. Одан алған біліміңізді осы сервистегі арнайы тапсырмаларды орындау арқылы бекітуге болады. Егер әрдайым интернетке қосыла алмасаңыз, қажетті сабақтарды жүктеп, оффлайнда да көре аласыз.

Жүктеу

Ал сіз Google-дің тағы қандай пайдалы сервистерін білесіз?

Дереккөзlifehacker.ru