Турнирге арнайы келген «Alash Pride FC» промоутерлік компаниясының президенті Данияр Қасқарауов шаһар тұрғындарын мерекемен және осындай айтулы турнирдің Оралда тұңғыш рет өткізілуімен құттықтады.
Барша оралдықтарды қала күнімен құттықтаймыз. Біз сіздің қалада алғаш рет осындай ММА кәсіби спорт шоуын ұйымдастырып отырмыз. Бұл біздің компания ұйымдастырып отырған 76-шы халықаралық турнир. Клубтың құрылғанына 12 жыл болды. Қазіргі таңда бүкіл Қазақстан бойынша турнирлер ұйымдастырумен айналысамыз. Біздің көптеген танымал спортшыларымыз әлемге әйгілі UFC-ге ауысып, үлкен нәтижелерге қол жеткізді, — деді Данияр Алдабергенұлы.
Солардың бірі әлемдегі жекпе-жектен ең үздік промоушен — UFC-де өнер көрсететін отандасымыз Дамир Исмагулов кештің арнайы қонағы болды.
Кешке қатысқан шаһар басшысы Миржан Сатқанов оралдықтарды мерекемен құттықтап, дәл осындай турнирлер алдағы уақытта жүйелі жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ кеш қонақтары Дамир Исмагулов пен Данияр Қасқарауовқа арнайы сыйлық табыс етті.
Жарыста барлығы 12 жекпе-жек өткізілді. Кард төмендегідей:
- 61 келі. Байзақ Ақжан (0-0) — Сейілханов Әлішер 0-0 (Қазақстан).
- 61 келі. Жамолодин Сулейманов (Россия, 0-0) – Қадырбек Шинбаев (Қазақстан, 0-0).
- 66 келі. Шабдан Самғат (Қазақстан, 0-0) – Гусейнов Джамалутдин (Россия, 0-0).
- 61 келі. Майсурадзе Георги (Қазақстан, 0-0) – Магомедов Эсен (Россия, 0-0).
- 66 келі. Ларионова Екатерина (Қазақстан, 0-0) – Глущенко Алина (Россия, 0-0).
- 61 келі. Жұмабаев Ерхан (Қазақстан, 0-0) – Беценаев Руслан (Россия, 3-6-0).
- 61 келі. Елеген Досбол (Қазақстан) — Жусупакунуулы Жумгалбек (Қырғызстан)
- 57 келі. Өтеғалиев Аслан (Қазақстан) — Тухтабоев Жавлонбек (Өзбекстан)
- 70 келі. Тұрсынбек Ғабит (Қазақстан) — Орайымуулы Жаныш (Қырғызстан)
- 66 келі. Құдайбергенов Рүстем (Қазақстан, 2-2-0) – Ахьядов Саид-Хусейн (Россия, 6-2-0).
- 61 келі. Сағынай Шүкір (Қазақстан) Чыракбаев Арген (Қырғызстан)
- 70 келі. Есболатов Мақсат (Қазақстан, 5-1-0) – Кадыров Висхан (Россия, 7-3-0);