Полиция қызметкерлері тұрақты есірткі тасымалдаушысын ұстады, одан бірнеше мекенжайдан сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша 1 келіден астам синтетикалық а-PVP есірткісі тәркіленді.
37 жастағы И. есімді күдікті азамат үш мекенжайға бетбелгі қою барысында ұсталды. Изолентаға оралған есірткі заттары бірден тәркіленді. Сонымен қатар күдіктінің Толстой көшесіндегі жалдамалы пәтері де тексерілді. Нәтижесінде ас үйдегі сөреден жасыл және ақ түсті ұнтақты заты бар 40 бума анықталды. Сонымен бірге залдан қорап табылды, оның ішінде ұнтақты заты бар 331 бума болды. Самалдықтан қызыл, көк, ақ және жасыл түсті түйіршіктер мен ішінде ұнтақ түріндегі заты бар 5 пластик ыдыс табылды. Сараптама бумалар мен ыдыстарға синтетикалық есірткі оралғанын анықтады, – деді қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Ұсталған азаматтың әрекеті тергеумен ҚР қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сараланды. Ол УҰИ-ға қамауға алынды. Алматыға шөпті жеткізудің нақты арнасы белгілі болады. Қазір күдікті синтетикалық есірткіні интернет арқылы алғанын алға тартып отыр.
