Алматыда «Саудакент» базарынан өрт шықты

Ақпаратқа сәйкес, 28 тамызда түнгі сағат 02:09 шамасында өрт сөндіру бригадасы Жетісу ауданындағы, Райымбек даңғылы, 237 Б. «Саудакент» сауда орнына жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 6 минутта келген сәтте, базар аумағында орналасқан 260 шаршы метр алаңда бір қабатты дәмхана ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Жақын орналасқан құрылыстарға оттың таралу қаупі жоғары болды. Атқарыған шаралар нәтижесінде көрші құрылыстарға өрттің таралуына жол берілмеді. Жалын сағат 02.39-да оқшауландырылып, 02.44-те толық сөндірілді, — делінген хабарламада.

Жалынды сөндіруге 16 техника мен жеке құрамнан 47 адам жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.