Түркияның Dogan агенттігінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем көліктері жетіп, полиция жарылыс болған аумақты қоршауға алған.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, жарылысты мотоциклге мінген жанкешті жасаған.
Жарылыс болған аумаққа тарихи, туристер көп баратын Сұлтанахмет мешіті, Айя София мешіті мен Топкапи сарайы жақын орналасқан.
Қазан айында Анкарада екі жарылыс болып, 100-ден астам адам қаза тапқан. Прокуратура жарылыстарды «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының содырлары жасаған дейді.