Қызылорда облысында сексеуілді кескен тұрғын ұсталды

8-18 тамыз аралығындағы «Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 11 тамыз күні облыс орталығында 40 жастағы қала тұрғынының Volvo жүк көлігінің жүксалғышынан көлемі 3 кубты болатын заңсыз кесілген сексеуіл анықталды, — делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сонымен бірге пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.