Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның сайты хабарлады.
Жалпы жиналыс барысында SLC-Rus компаниясының негізін қалаушы Ли Шобин (Қытай) ЕАЫ ҚБҚ президенті болып сайланды.
Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының — Еуразияның 26 елінен кәсіпкерлердің, коммерциялық ұйымдар мен банктердің, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қаржылық, банктік және іскерлік одақтарын біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.
Бақытжан Сағынтаев 1963 жылдың 13 қазанында туған. 1985 жылы С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
1985-1988 жылдары- Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономика кафедрасының оқытушысы;
1988-1992 жылдары-С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті;
1992-1993 жылдары – «Маруе» туристік-коммерциялық фирмасының президенті;
1993-1997 жылдары – «Қазмет» АҚ Бас директоры;
1997-1998 жылдары – «Лукойлнефтегазстрой-К» ЖАҚ бас маманы, бас директорының орынбасары;
1998-2002 жылдары-Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы. Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары;
2002-2004 жылдары-Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;
2004-2007 жылдары-Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы;
2007-2008 жылдары-Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы;
2008-2012 жылдары-Павлодар облысының әкімі;
2012 жылы-Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі;
2012-2013 жылдары — «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасының өңірлік даму министрі;
2014-2016 жылдары-Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары;
2016-2019 жылдары-Қазақстан Республикасының премьер-министрі;
2019 жылдың 1 наурызынан 24 наурызға дейін – Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы;
2019 жылдың наурыз айынан маусымға дейін — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы;
2019 жылдың 28 маусымынан 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін — Алматы әкімі болды.