Басты бетЖаңалықтарАқтөбеде мас...

Ақтөбеде мас әйел бес айлық сәбиін орындыққа тастап кеткен

Бұл туралы «Диапазон» сайты хабарлады.

Полиция мәлімтінше, түнгі сағат бір шамасында әйел кезекші бөлімге бес айлық баланы алып келген. Сәби «8 март» көшесіндегі орындықта жылап жатқан.

Мен оның анасын мас күйде көрдім. Ол белгісіз бағытқа кетіп қалды, ал бала орындықта қалды, — деді әйел.

Ювенал полиция инспекторлары жедел жәрдем шақырған. Олар баланың денсаулығын тексерген, осылайша, баланы «Үміт» сәбилер үйіне апарған.

Шамамен бір сағаттан кейін полицияға 25 жастағы әйел телефон шалып, баласы жоғалып кеткенін айтқан. Полицейлер оны тауып, ағзадағы ішімдік деңгейіне сараптама жүргізіп, тұрмысы нашар отбасы ретінде есепке алған. Баланың әкесі туралы мәлімет жоқ, — делінген хабарламада.

Әйелдің тәртібі қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады. Ол комиссия шешімі бойынша ғана Нәресте үйінен баласын ала алады.