Бір жылда (былтырғы және биылғы шілдені салыстырғанда) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы — 26,4%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,6% өсті. Тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғымен салыстырғанда 2022 жылғы шілдеде 20,8% артты, — делінген хабарламада.
Өңірлер бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана жылдық мәнде: Ақтөбеде — 32,5%, Нұр-Сұлтанда — 27,6%, Өскеменде 26,1% қымбаттады.
Қолданыстағы үйлерді қайта сату нарығында көш бастап тұрған қалалар: Қызылорда (44%), Өскемен (43,7%), Талдықорған (43,4%), Нұр-Сұлтан (41,3%), тұрғын үйді жалға алу нарығында — Алматы (47,2%).
Бір айдың ішінде (2022 жылғы шілде мен маусымды салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары — 0,8%, жаңа тұрғын үйді сату 0,5% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде 0,4% жоғарылады, — делінген хабарламада.
