Басты бетЖаңалықтарГенерал-майор Жайлаубек...

Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды

Таңғы 7.00 шамасында қамауға алынған Ж.Халықұлын қарауыл инспекторы байқады. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медицина көмегін көрсетті. Қолданылған шараларға қарамастан, тергеудегі адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы оның механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болғанын анықтады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық полиция департаментінің басшылығы келді. Басқа ұсталғандармен әңгіме жүргізілді. Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз әрекеттер фактілері анықталған жоқ, — деді министрлік.

Қазіргі уақытта облыстық департамент қызметкерлерімен ішкі аудит тағайындалды, оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Еске салайық, мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының ішкі істер департаменттерін басқарған полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлын әшкерелеген болатын. Жайлаубек Халықұлы заңсыз ақша мен мүлік алды деген күдікке ілінген болатын.