Басты бетЖаңалықтарЖұлдызнама бойынша...

Жұлдызнама бойынша қандай спорт түрі қолайлы?

Тоқты

Тоқты – туа біткен спортшы. Олар өте белсенді және мықты.Командалық спорт түрлері, жекпе-жек, жеңіл атлетика, конькимен жүгіру спорты мен авто және мото жарыстары сияқты спорт түрлерінде Тоқтылар табысқа жетеді.
Басы мен мұрны Тоқтылардың тез жарақаттанатын жерлері болғандықтан бокс және хоккеймен айналысуға кеңес бермейміз.

Торпақ
Зодиак белгілерінің бұл түрі мінезі жағынан сабырлы болып келеді. Оның жүрегіне шығармашылық пен тыныш ойын түрлері жақын.Олар гимнастика, мәнерлеп сырғанау мен синхронды жүзу сияқты спорт түрлерінде өздерін табады.Сонымен қатар төзімділігі мен шыдамдылығының арқасында биатлон,триатлон және шаңғы сияқты спорт түрлерінде жеңіске жете алады.

Егіздер
Егіздер өте жылдам және епті болып келеді. Олар үстел теннисі,спорттық гимнастика,семсерлесу,жеңіл атлетика мен коньки сияқты спорт түрлерінде өздерін биік шыңдардан көрсете алатыны сөзсіз. Ал алғырлығы мен ақылдылықтарының арқасында шахматта жақсы нәтижелер көрсетуі мүмкін.

Шаян

Шаяндар көбіне спортқа деген үлкен махаббат танытпайды. Жандары нәзік бұл белгілер көбінесе көркем гимнастика мен синхронды жүзу сияқты спорт түрлерін таңдайды.

Арыстан

Арыстандар әрдайым билік – мәртебеге  ұмтылады. Ал олардың ішкі түйсігі қарсыласын моральдық деңгейде жеңуіне мүмкіндік береді.Сондықтан Арыстандарды жекпе-жектің әр түрлерінде жеңіс күтуі мүмкін.Сонымен қатар теннис,гимнастика,шаңғы мен семсерлесу сияқты спорт түрлерімен де шұғылдануы мүмкін.

Семсерлесу

Бикеш

Бикештердің ең көрнекі қасиеттерінің бірі – еңбекқорлық пен ұқыптылық. Бұл Зодиак белгісінде туған адамдар спорттың мәнерлеп сырғанау, гимнастика, суға секіру сияқты түрлерінде үлкен жетістіктерге жетеді. Ал қимылдарының дәлдігінің арқасында оларға семсерлесу мен теннис сияқты спорт түрлері ыңғайлы болады.

Таразы

Таразылардың мінезі өте нәзік және жұмсақ келеді. Олар қай нәрседен болса да жан үйлесімділігін іздейді. Қақтығыстар мен үйлеспеушілікке қарсы Таразылар өздерін мәнерлеп сырғанау,көркем гимнастика мен би сияқты спорт түрлерінде жайлы сезінеді.
Ат спорты,тау шаңғысы, теннис сияқты спорт түрлерімен де әуестенуі мүмкін.

Сарышаян

Сарышаяндарды батылдық пен тәуекелдік ерекшелендіреді.Олар өздерін ауыр атлетика,күрес пен бокс сияқты күштік спорт түрлерінде жақсы көрсетеді.Сонымен қатар хоккей,су полосы,трамплиннен секіру,триатлон мен футбол сияқты спорт түрлеріне жақын болады.

Бокс

Мерген

Мергендер — табиғатынан споршылар болып келеді. Олардан бойшаң, дене бітімдері  шымыр спортшылар шығады. Мергендерге волейбол,баскетбол,жеңіл атлетика сияқты спорт түрлерін таңдаған абзал. Мергендерге жамбас буынының әлсіздігінен ауыр атлетикамен шұғылдануға кеңес бермейді.

Тауешкі

Бала кезінен тау ешкілер салмақты мінездерімен көзге түседі. Талпынушылық пен табандылықтарының арқасында олар спорттың қай түрінде болса да жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Дене бітімдері жағынан бұл адамдар бойшаң болып келеді.Сондықтан олар баскетбол мен жеңіл атлетикаға назар аударғандары дұрыс.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар бала кезінен спортқа қызығұшылық танытады. Қимылдары жылдам әрі шапшаң олар жеңіл атлетика мен альпинизм, парашют спорты мен велосипед спортына жақын келеді.

Балықтар

Нәзік және жұмсақ мінезді Балықтар ерекше әдемі нәрселерді ұнатады.Олардың көңіліне синхронды жүзу,мәнерлеп сырғанау,гольф пен керлинг сияқты спорт түрлері жақын келеді. Олар суды сүйетіндіктен суда жүзу,есу және парус спорты сияқты түрлерін жиі таңдайды. Сонымен қатар оларға теннис пен футбол сияқты айтулы спорт түрлері ұнайды.

ДереккөзReactor.inform.kz