Ажар Ғиният Ashyq қосымшасы қандай жағдайда енгізілетінін айтты

Министр «қызыл» аймақта денсаулық сақтау жүйесіне түсетін салмаққа сәйкес екі кезең бойынша шектеу шаралары қолданылатынын айтты. Бірінші кезеңде ауруханаға жатқызу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 25-тен 50-ге дейін артқанда, R саны 1-ден жоғары болады — кәсіпкерлік қызметті шектеусіз, жабық үй-жайларда және көлікте міндетті түрде маска тағу.

Екінші кезеңде, R-ға қарамастан, егер ауруханаға жатқызу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 50-ден жоғары болса, нысандарда Ashyq қосымшасын міндетті түрде қолдану енгізіледі. Арнайы іс-шараларға байланысты бизнесте орындардың 50% дейін толтырылуын шектеу. Білім беру ұйымдарында қосымша шектеулер енгізу. Ұйым қызметкерлерінің 30%-ін қашықтан жұмысқа ауыстыру, — деді Ажар Ғиният.