Алматының бірнеше ауданында суық су болмайды

2 тамызда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Алмалы ауданы аумағында орналасқан Әйтеке би – Мақатаев – Амангелді – Мұратбаев көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда суық су болмайды;

3 тамызда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Құрманғазы – Төлебаев – Гоголь – Назарбаев; Чайковский – Назарбаев – Гоголь – Құрманғазы көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда суық су болмайды;

4 тамызда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Әуезов ауданындағы 8-шағын аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда суық су болмайды.

Технологиялық жабдықты ауыстыру бойынша жұмыстардың қауіпсіздігі үшін суық сумен жабдықтау қызметіне уақытша шектеулер енгізілген, — делінген хабарламада.