Алматыда тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Ақпаратқа сәйкес, өрт сөндірушілер «Керемет» шағынауданы, 32 мекенжайында жұмыс істеп жатыр.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде 10 қабатты тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан жылдам тағам дайындау ас үйі өртеніп жатты. Өрттен шыққан түтін жоғарғы қабаттардағы тұрғындардың өміріне қауіп төндірген. Тұрғындарды құтқару және эвакуациялау үшін өрт сөндіру сатысы қойылды, — делінген хабарламада.

Өрт 10:58 шамасында толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.