Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Eden Life»-ті кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде таныстырған. Одан кейін қала тұрғындарымен келісім жасалып, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуға міндеттеген.
Департаментте аса ірі көлемде ақша немесе өзге де мүлікке қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, — делінген хабарламада.
Халықты алдаған адамдар анықтады. Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жарияланбай отыр.
Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды қырағы болуға, сонымен қатар Youtube желісінде «Eden Life» жарнамасына алданбай, ақшаны күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырып отыр.