Елімізде ең жоғарғы айыппұл — 11 миллион теңге

Ішкі істер  министрлігі қолданыстағы заңға осындай өзгеріс енгізген. Егер Ішкі істер министрлігі әзірлеген заң жобасы күшіне енсе, тәртіп сақшыларына   саусақтың ұшын да тигізуге тыйым салынады.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Бұрын қызметкерлерімізге бағынбағандарға 4 жарым миллион көлемінде айыппұл салынатын. Оны енді еселеп  көбейттік.  Яғни, сақшының өміріне қауіп төндіргендерге қазіргі айыппұл  11 миллион теңгеден асады.

Бірақ, бұған депутаттар қарсы шығып жатыр. Олар айыппұл көлемі көтерілген сайын жемқорлық та өршиді дейді олар. Себебі, миллиондарды төлегеннен полицейге пара берген анағұрлым арзанырақ. Оның үстіне бұл талап президенттің кезекті жолдаудағы тапсырмасына да қарсы келіп отыр.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өз сөзінде Президенттің жеңіл және орта деңгейдегі қылмыстар үшін жазаны жеңілдетіңдер дегенін алға тартып, 11 миллион теңгенің ақылға сыймайтынын айтты.

Айыппұлды төлей алмаған адам бас бостандығынан айырылады. Бірақ Бас прокуратура өкілдері мұндай қатаң жаза барлық адамға бірдей қолданылмайды деп отыр.

Иоган Меркель, Бас прокурордың орынбасары:

-Мұндай қомақты айыппұл төтенше жағдай болғанда, терроризмге қарсы күрес кезінде полицейлердің жұмысына кедергі келтірген адамдарға ғана салынуы тиіс. Жаппай жұртқа қолданылмайды.

ДереккөзKtk.kz