Меншік иесі: «Baribar Media» ЖШС Құрылтайшысы, бас директор: Ербол Серікбай
Бас редактор: Таңшолпан Төлеген
Куәлік нөмірі № KZ55VPY00021155, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетімен берілген
Қаланың жоба эскиздері интернетте таралған. Жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы БАӘ премьер-министрі әрі Дубай әмірі шейх Мохаммед бен Рашид Аль Мактум мен Әбуд-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мохаммед бен Заид Аль Нахайян мәлімдеді.
Басшылықтың айтуы бойынша, бұл жоба XXI ғасырда ғылым мен технологияны дамытуға, жастардың білімге деген құлшынысын арттыруға бағытталған.
«Марс-2117» жобасы аясында БАӘ ұлттық университеттері базасында ғылыми-зерттеу орталықтары құрылып, елдің ғылыми-техникалық базасы күшейтіледі деп болжануда. Аль Мактумның айтуынша, Әмірлік ғарыш ғылымына ең көп инвестиция құятын тоғыз елдің қатарына кіреді.