Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Дубайда 8 минутта 200 есеп шығарған қазақ қызы жеңіске жетті

Алина Әлиева

Ақтөбе қаласындағы №3 мектептің 2-сынып оқушысы аптасына бір рет 2 сағаттық курсқа қатысады. Анасы Айгүл Бакиева қызын 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап ментальді арифметикаға апарған. Ол 2-сынып оқушысының осы уақытқа дейін жеткен жетістігінің көңіл көншітетіндігін айтады.

«Алина 2015 жылдың 1 наурызында өткен үшінші республикалық байқауда үшінші орынды алған болатын. Ал мамыр айында өткен төртінші республикалық байқаудан екінші орын алып келді, — дейді анасы.

Бірнеше рет бағын сынап жүрген Алина 2016 жылдың 11 қарашасында Дубай қаласында өткен ХХІ халықаралық ментальді арифметика жарысында бірінші орын алды. Жарысқа 57 елден 4 мың оқушы қатысқан. Балаларға 8 минутта 200 есеп шығару тапсырылған. Жасының кішілігіне қарамастан ақтөбелік оқушы тапсырманы мүдірмей орындап шыққан.

Айта кетейік, халықаралық жарысқа Қазақстаннан 68 бала қатысты.

Один ответ для “Дубайда 8 минутта 200 есеп шығарған қазақ қызы жеңіске жетті”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version