Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Еріктілер, жастар ұйымдары, блогерлер: Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 23 мамыр күні Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, сенбіліктің негізгі өткізу орны ретінде Медеу ауданы аумағындағы Мақатаев – Райымбек – Пушкин – Жетісу көшелерінің аралығы белгіленген.

Іс-шараға қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, білім беру мекемелері, мәдениет ұйымдары, еріктілер, блогерлер қауымдастығы, ПИК және МИБ өкілдері, сонымен қатар қала тұрғындары қатысады.

Қатысушылар күрек, қолғап және қоқыс қаптары секілді қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ұйымдастырушылар:

  • сенбілік орнына тегін тасымалдау,
  • мәдени-ойын-сауық бағдарламасы,
  • ауыз су мен тамақ,
  • биоәжетханалар орнату жұмыстарын қарастырған.

Жалпықалалық тазалық акциясына аудан әкімдіктері де қосылады. Тазалық жұмыстары мына аумақтарда ұйымдастырылады:

  • Алатау ауданы – Шаңырақ-2 шағынауданы;
  • Алмалы ауданы – Байсейітова саябағы;
  • Әуезов ауданы – 7, 8 және 9-шағынаудандар;
  • Бостандық ауданы – Исиналиев көшесі, Қазақфильм шағынауданы;
  • Жетісу ауданы – Азовская көшесі;
  • Наурызбай ауданы – Құлыбеков көшесі;
  • Түрксіб ауданы – Құлжа күре жолы бойы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сенбіліктің басты мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қаланы көркейту және санитарлық тазалыққа қоғам назарын аудару.

Exit mobile version