Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Антикор Алматы жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша спикерлердің пулымен кездесу өткізді

Фото: Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Бұл туралы Алматының сыбайлас жомқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Іс-шараны аша отырып, Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Асхат Оразхан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы маңызды бағыттардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оның ішінде нысаналы топтармен түсіндіру жұмыстарын өткізу үшін жұртшылықты тарту болып табылатынын атап өтті.

Жұртшылықтың рөлі Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында белгіленген. Стратегиялық құжатта қоғамдық хабардарлықты арттыру және азаматтық қоғамды тарту мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Стратегияны іске асыру мақсатында қоғам қайраткерлері, құрметті еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер және жастар қозғалысының көшбасшылары қатарынан спикерлер пулы қалыптастырылды.

Сонымен қатар іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының бірінші орынбасарының м.у.а. Қанат Салимбаев қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданған кешенді шаралардың нәтижелері туралы хабардар етті.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік бойынша қоғамның санасын өзгертетін алдын алу жұмысының айтарлықтай нәтижелері бар. Егер бұрын халық олардан пара талап ету фактілері туралы жиі жүгінсе, енді мемлекеттік қызметшілердің өздері оларға ұсынылатын сыйақылар туралы сигнал береді. Мысалы, ұйымдардың қатардағы қызметкерлерінен 500 мың теңгеге пара алу фактісі туралы, сондай — ақ мемлекеттік органдардың басшыларынан 77 млн теңге көлемінде пара ұсыну туралы хабарламалар келіп түсуде, — деп атап өтті спикер.

Антикор Алматы жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша спикерлердің пулымен кездесу өткізді
Фото: Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Алдын алу жұмыстары сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 2020-2021 жылдары 32,5% — ке төмендеуіне де әсер етті.

Жас спикерлерге өздері меңгеруі тиіс негізгі қасиеттер — материалды білу, дәлелдеу қабілеті, мәнерлілік, дауыс пен ым-ишарат, залмен байланыс жеткізілді.

Өз кезегінде «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев студенттік өзін-өзі басқару және ағартушылық жұмыстары бойынша спикерлер пулының алдында тұрған міндеттерді қойды.

Іс-шара барысында пулдың аға буыны Тамара Шәкірова, Марат Калимолдин және Бахтияр Камалов өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас спикерлерге кеңестер берді.

Сондай-ақ, жас спикерлер кездесу қатысушыларына өздерінің шешендік өнерін, ақпаратты жеткізу және аудиторияға ие болу қабілеттерін көрсетті. ҚҚ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жетекшісі Шерзат Шермет TedХ форматында ерекшеленді.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы Асхат Оразхан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде жұртшылықпен табысты ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдіріп, қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.