Биыл Конституция күні сейсенбіге сәйкес келеді. Бұл күн — мереке. Үкіметтің «2022 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысына сәйкес демалыс күні 27 тамыз сенбіден 29 тамыз дүйсенбісіне ауыстырылды.
Демалыс күндері:
- бес күндік жұмыс аптасымен — демалыс күнінің үш күн қатарынан ауыстырылуын ескере отырып: 28, 29, 30 тамыз (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
- алты күндік жұмыс аптасымен — екі күн: 28, 30 тамыз (жексенбі, сейсенбі).
Жалпы, бес күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтар тамыз айында 9 күн демалады.