16 шілдеде Ақтауда халықаралық турнир өтіп, оған UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қонақ ретінде қатысты.
Келесі күні әлеуметтік желілерде ұйымдастырушылардың бірі полиция қызметкерін итеріп жіберген видео тарады. Видеодағы адамның жеке басы анықталып, ол Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік сотқа жіберілді, — делінген Маңғыстау облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.
Әкімшілік сот шешімі бойынша, Ақтаудың арнайы қабылдау орнында 10 тәулікке қамауға алу туралы үкім шыққан.
Айта кетейік, осы тәртіпбұзушылық үшін 5 айлық есептiк көрсеткiш (15 900 теңге) мөлшерiнде айыппұл салу не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Әкімшілік сот ер адамды 10 тәулікке қамауға алуға шешім шығарды.