Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Атырау облысы «Жылыойсу» МКК директоры Алагузов 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, Құлсары халқына сумен жабдықтау және канализациялық қызметтің тарифтерін негізсіз көтерген.
Ол қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырып, 126 миллион теңге залал келтірген. Тергеу кезінде аталған залал мөлшері толық мемлекетке қайтарылды. Сонымен қатар тергеу кезінде Құлсары және Жаңа Қаратон халқын сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4% төмендетілді, — делінген хабарламада.
Сот үкімен аталған кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, мемлекеттік мекемелерде материалдық жауаптылығы бар басшы қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қылмыстық кодексінің 63-бабының талаптарына сай, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.