Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы» жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 129-бабына жəне «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 жарлығына сəйкес қаулы етемін:
- Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалсын.
- Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын белгілеу жəне Қазақстан Республикасы парламенті сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 129-бабына сəйкес жүзеге асырылатын болып белгіленсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының əкімдері Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы прламенті сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
- Осы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, — делінген жарлық мәтінінде.