Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысын өңір орталығы Жезқазғанда Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды.

Президент баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазғанды дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады.

Түстен кейін президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.