Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.
Жапонияның халықаралық NHK телеарнасының хабарлауынша, үгіт-насихат науқаны аясында елдің батысындағы Нара префектурасына келіп, халық алдында сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэге белгісіз біреу оқ атқан.
Экс-премьер денесіне оқ тиіп, сол мезетте жерге құлап түскен. Оқиға жергілікті уақыт бойынша 11:30-да болған. Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, бұрынғы премьер-министр ауруханаға жеткізілген.
Полицияның ақпаратына сәйкес, күдікті оқиға орнында қамауға алынған. Ол — шамамен 40 жастағы ер адам.