Ералы Тоғжанов елдегі эпидемиология ахуалы туралы айтты

Ведомствоаралық комиссияның арнайы отырысында осы сұрақтардың бәрін қарадық. Неге десеңіз, қазір дүниежүзінде 130-дан аса мемлекетте коронавирустың өсуі байқалып жатыр. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Оның ішінде коронавирус 100%, тіпті 235% артқан елдер де бар. Сондықтан біз оның бәрін ескеруге міндеттіміз. Қазақстан бөлек жатқан ел емес, қалған елдермен қарым-қатынастамыз. Сондықтан елді сақтауымыз керек, — деді Ералы Тоғжанов үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, өңір «сары» аймаққа енетін болса, нақты бірнеше ұсыныстар беріледі. Оның ішінде ең алдымен маска тағу талабы да бар.

Қазақстандағы соңғы бір айдағы өсудің өзі осындай шараларды қабылдауға бізді мәжбүрлеп отыр деп айтсам артық емес. Қазір тек Алматы ғана «сары» аймаққа өтті, қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Сондықтан шараларды алдын ала қабылдап жатырмыз. «Қызыл» аймаққа өтсек, ондағы талаптарды да өте жақсы білесіздер. Әсіресе үлкен ірі шараларды өткізуге шектеу шараларын жақсы білесіздер, оны пайдалануға міндеттіміз. Ал оған дейін өзіміз де маскада тұрмыз, бұл аурудың алдын алу үшін халыққа берілген ұсыныс, бұл ұсынысты халық дұрыс қабылдайды деп ойлаймыз, — деді Ералы Тоғжанов.