Димаш Құдайберген Алматыда концерт береді

Құрметті достар! Алматыда «Stranger» атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім,- деп жазды Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде.

Әншінің жеке концерті 2022 жылғы 23 қыркүйекте өтеді.

Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін!, — деді Димаш Құдайберген.

Билет сатудың басталғаны туралы ақпарат Димаш Құдайбергеннің ресми жаңалықтар порталы – DimashNews.com-да жарияланады.

Еске салсақ, биыл Димаш Құдайберген үлкен халықаралық концерт турына шықты.

  • 25 наурызда артист Дубайдағы Coca Cola Arena концерт кешенінің сахнасында ән айтты.
  • 8 сәуірде концерт турын жалғастыру үшін Германияға барды.
  • 24 сәуірде Чехияда концерт берді.