Басты бетЖаңалықтар«Сергек» жобасы...

«Сергек» жобасы 2023 жылдың соңында аяқталады

«Сергек» фото-видеофиксация аппараттық-бағдарлама кешенін құру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асыру жол-көлік оқиғасымен байланысты өлім-жітімді, қоғамдық орындардағы қылмысты төмендетуге мүмкіндік берді. Бірақ оны одан ары белсенді түрде жүзеге асыру қажеттілігі бар. Тұрғындардан елорданың тұрғын үй алаптарына камералар орнатуға қатысты өтініштер көптеп түсіп жатыр, — деді Алмат Жүнісов қалалық мәслихат отырысында.

Оның айтуынша, түнгі уақытта жұмыс істеп тұратын камераларға қатысты проблема бар.

Бұған қоса, камералар ең алдымен жолдардың қауіпті учаскелерінде, қиылыстарда, апат жиі орын алатын учаскелерде орнатылуы тиіс. «Сергек» жобасы бойынша қолданыстағы келісімшарт мерзімінің 2023 жылдың желтоқсанында аяқталатындығына байланысты құрал-жабдықтарға түгендеу жүргізу, олардың болжамды қызмет көрсету мерзімін белгілеу, жергілікті бюджетке алдағы уақытта қосымша жүктемеге жол бермеу мақсатында техникалық жай-күйін анықтау қажет. Сонымен қатар жобаның аяқталатындығын ескере отырып, жаңа жобаны оны кеңейту әрі жаңғырту мүмкіндігімен әзірлеу керек, — деді депутат.