Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынған. Бұл компаниялар сыйақыны алуға кепілдік берген.
2018-2021 жылдары WBC қаржылық пирамидасына жалпы сомасы 5,8 миллиард теңге тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді.
Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сонымен қатар пирамидалық схемасының тағы бес ұйымдастырушысы халықаралық іздеуге жарияланды.