Қарағандыда тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

Алаяқтар халықты WhatsApp мессенджері арқылы алдап жүрген.

Тергеу метериалдарына сәйкес, алаяқтар алдымен WhatsApp мессенджерінде бір топ құрған. Одан халықты инвестиция салуға шақырды. Ал жиналған ақша тиімді жобаларға салынады деп уәде берген.

Қаржы пирамидасы екі бағытта жұмыс істеген. Біреулер 4-5 күннің ішінде салым сомасының 70%-і көлемінде сыйақы төлейміз десе, тағы бір топ «Cтандарт», «Vip» және «Premium» бойынша ақша тартқан. Ал салымның сомасы 150 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейін болды. Оны құйған адамдар артынан кіргендердің есебінен байып кету тиіс еді. Қылмыскер іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыспаған. Барлық ақша мобайл банкинг арқылы қабылданды, — делінген хабарламада.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған әйел өз кінәсін толығымен мойындады. Жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.