Алматыда алғаш рет аулалардағы шіріген ағаштар кесіледі

Қала бойынша 5 мың апатты ағашқа квота белгіленді. Оның ішінде Алмалы ауданында 800 ағаш бар.

Қала әкімінің бастамасымен аулалардағы апатты ағаштарды кесу алғаш рет жүргізіледі. Қала бойынша 5 мың апатты ағаш мөлшерінде квота белгіленген. Оның ішінде Алмалы ауданында 800 ағаш бар. Осыған байланысты тұрғындар аудандық әкімдіктерге өтініш бере алады, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Алмалы ауданында 220 мың ағаш пен бұта бар. Оның ішінде апатты жағдайда тұрғаны да жетеді. Жасыл қорды жаңарту бағдарламасы аясында биыл 700 апатты ағашты кесіп, орнына 7 мың ағаш егу жоспарланған.

Ауданда биыл 2 мың ағаш пен бұта егілді. Жыл соңына дейін тағы 10 мыңнан астам көшет егіледі деп жоспарланған.