Қазір Самат Әбіш тергеуге алынды. Одан жауап алып жатыр. Ол күдікті ме, куәгер ме, статусын білмеймін, — деді Асқар Амерханов.
Ол тергеу жалғасып жатқанын және оның анық-қанығы жарияланбайтынын айтты.
Оның айтуынша, басшыларға қатысты тергеу ҰҚК-ның бұрынғы басшысы мен оның орынбасарларына қатысты баптар, сонымен қатар «Әрекетсіздік» және «Немқұрайлылық» баптары бойынша жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, биыл қаңтар айында мемлекет басшысының өкімімен Самат Әбіш Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.