Басты бетЖаңалықтарҚант импортына...

Қант импортына арналған квота 31 қазанға дейін ұзарды

Бұл мәселе премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезектен тыс отырысында қаралды.

Бұл шара ішкі нарыққа импортталатын қантты жеткізу құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Қазір біз бірқатар елдермен қанттың үлкен көлемін жеткізу туралы келісім сөздер жүргізіп жатырмыз. Ал қарашаға қарай қазақстандық зауыттардан да, ЕАЭО елдерінен де жаңа дақылға қызылша қантын жеткізу басталады, — деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, Қазақстан ақ қант пен шикі қанттың бажсыз импортына квота көлемін ұлғайту туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанның квотасы 2022 жылғы тамызға дейін нөлдік импорттық кеден бажымен 350 мың тонна ақ қант пен шикі құрғақ қантын құрайды.