Қырғызстан қант экспортына уақытша тыйым салды

Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.

Тиісті шешім Қырғыз Республиикасы министрлер кабинетінің кезекті отырысында қабылданды.

Ақпаратқа сәйкес, қаулы Қырғызстан аумағынан қантты жаппай шығару мүмкіндігін болдырмау, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қант нарығындағы бағаны тежеу мақсатында әзірленген.